10 қаңтардан бастап БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде «Қақтығыстарды болдырмау және бейбітшілікті сақтау» тақырыбында жоғары деңгейдегі ашық пікір-сайыстар өтеді. Оған ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерришпен қоса ұйымның өзге мүшелері қатысады. Жаңа жылдан Қазақстан осы Кеңестің тұрақты емес мүшесі қызметіне ресми кірісті. Бұл қызметті еліміз – 2018 жылдың соңына дейін атқарады. Осы уақыт ішінде – ядролық мәселелерге, азық-түлік, су және энергетикалық қауіпсіздік тақырыптарына басымдық бермек.

ӘНУАР ЖАЙНАҚОВ, ҚР СІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Отырыста қазақстандық өкіл премитивті дипломатия және сенім шараларын нығайту, ядролық қаруды таратпау, қақтығыстарды шешу және халықаралық терроризмге қарсы әрекет ету сияқты Қазақстан үшін басым мәселелерді атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан – әлемдік маңызы зор ұйымның саяси органына сайланған Орталық Азиядағы алғашқы ел. Біздің кандидатураны 138 мемлекет қолдаған. Қазақстан жаһандық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, лаңкестікпен күреске күш салмақ. Астана Азия-Тынық мұхиты аймағының атынан сайланған соң осы өңірдің де аманатын арқалауы тиіс.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Терроризммен күреске қарсы бағытталған комитет, Ауғанстанға арналған комитетті – негізгі комитеттің бірі деп айтсақ артық болмайтын шығар. Осындай үлкен комитеттерге Қазақстан төраға болады. Ол бір жағынан үлкен сенім. Екінші жағынан жауапкершілік. Сондықтан осы бағыттарда алдымызда тұрған жылдарда Қазақстан біраз жұмыс істейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер