Еліміздегі ең ірі аккумулятор зауыты жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті. Енді олар тұрғындардан қолданылған аккумуляторларды қабылдап, оны қайта өңдейді. Ішкі нарықтан артылғаны алыс-жақын шет елдерге экспортталады. Бұл экологиялық тұрғыдан да өте тиімді. Кәсіпорында жылына 2 млн дана аккумулятор батареясы өндіріледі. Соның 70 пайызы көршілес Қытай мен Еуропа елдерінің нарығына шығарылады.

ҚУАНЫШ ӘЖМАҒАМБЕТОВ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

Алтын сапада» бізге «Ұлы Дала елі» деген әдейі жасалған номинация болатынын, соны бізге беретінін білген жоқпыз. Еекеуі бірге келді. Сондықтан біз енді «Ұлы Дала елі» брендін пайдаланамыз. Жер жүзіне Қазақстанды Ұлы Дала елі қылып таныстыруға жұмыс жасаймыз».

Тозығы жеткен электр қозғалтқыштары кәдеге жарады. Шымкентте генераторларға қажетті түсті металл орамаларын шығарып құрылғыны тұтастай күрделі жөндеуден өткізетін жаңа зауыттың тұсауы кесілді. Индустриалды аймақтағы жобаның құны – 75 миллион теңге. Қажетті инфрақұрылым мемлекет есебінен тегін тартылған. Зауыт тұрақты ток көзін беріп тұратын электр қозғалтқыштары мен трансформатор және жоғары кернеулі ток шығаратын генераторларға сервистік қызмет көрсетеді.

БАХАДЫР ЖАНТЕЛИЕВ, ҚҰРАСТЫРУШЫ:

Мынау мысалы 315 КВ мотор. Мұның сымын өзіміз жасаймы қолдан. Изаляциясын өзіміз ораймыз.Барлығы осы жерде жасалады.Тоғының нагрузкасын қарап істесе 10 жылға дейін жұмыс істейді мотор.

НҰРҒАЗЫ ТІЛЕУБЕРДИЕВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

Енді мынау бастамасы тек қана ішіндегі сымын шығару. Келешегінде мына электр қозғалтқыштың түгел басынан аяғына дейін жасауға жоспар қойып отырмыз.

Енді радиобайланыс құралдары өзімізден шығарылады. Қорғаныс саласында электронды-оптикалық өнім дайындайтын қазақстандық зауыт шетелдік компаниямен келісімге қол қойды. Нәтижесінде еліміздің Қарулы Күштері мен арнайы орган қызметкерлері өзіміздің байланыс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Өнімнің алғашқы легін бірінші жартыжылдықта шығару жоспарланған. Мамандар жылына 3 мың данаға дейін 6 түрлі кәсіби радиобайланыс құралдарын жасамақ.

АБИЫР АЛШЫНБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН ASELSAN ИНЖИНИРИНГ» ЖШС-НІҢ ӨКІЛІ:

Осы жоба 20 адамнан басталады. Бұл бөлек жоба. 96 кісіге, 20 адам қосылады. Бұл телекоммуникация саласында оқыған мамандар болуы керек әрине. Шетел тілін білу керек. Қазақстанда платалары, программа саласы осында жасалады. Келешекте сырты саймандары осында жасалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер