Қазақстанның даму мүмкіндігі зор. Себебі елде дарынды, білікті мамандар мен ресурстар жеткілікті және әлемдегі маңызды нарықтарға шығатын жолдар бар. Бұл – «Eurasian Resources Group» (Еуразиан ресорсиз групп) компаниясының қаржы директоры Пол Эгглтонның пікірі. Ол  голландық компанияның Қазақстанда жұмыс істеген тәжірибесі жайлы кеңінен баяндады.

ПОЛ ЭГГЛТОН, ERG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ:

Елде әлемдегі маңызды нарықтарға шығатын жолдар бар. Шетелдік инвесторлардың жаңа технологиялар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырып, жақсы табыс табуға да мүмкіндіктері зор. Сол арқылы Қытай, Ресей мен Еуразияның және басқа да мемлекеттердің нарығына шығуға болады. Менің Астана қаласында, жалпы Қазақстанда тұратын әріптестерім бар. Олар өте білікті маман саналады. Біздің компаниялар топтамасы қазір Конго, Баризилияда түрлі бағыт бойынша еңбек етіп жатыр. Олар Қазақстанда алған тәжірибесімен осы елдердің мамандарымен бөлісіп жүр. Яғни, ол Қазақстанды білетін адамдардың қатары көбейіп жатыр деген сөз.

Ұлыбритания Парламенті лордтар палатасының мүшесі Мохамед Илтав Шейх – посткеңестік бірнеше мемлекетте болып қайтқан депутат. Жақында Қазақстанға да жолы түсті. Депутаттың пайымдауынша, Қазақстан – бірнеше ұлт өкілі достық пен татулықта біте қайнасып, өмір сүріп жатқан ел ретінде көпке үлгі.

МОХАМЕД ИЛТАФ ШЕЙХ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАРЛАМЕНТІ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сіздердің елде 18 миллионға жуық адам тұрса, олардың 65 пайызы қазақ, 25 пайызы – орыс. Жарты миллион неміс, сондай-ақ өзбек және басқа да ұлт өкілдері мекендейді. Олардың барлығы тату-тәтті. Бұл сіздердің президенттеріңіздің жүргізіп жатқан саясатының жемісі. Әлбетте, елдегі тұрақтылық пен татулық экономикалық жағдайға әсер етпей қоймайды. Сондықтан да болар Ұлыбритания инвесторлары мен ұйымдары сіздермен әріптестік қарым-қатынас орнатуға асық.

Ал Италия парламентінің депутаты Даниель Альфрейдер Елбасын үлкен стратег деп санайды. «Президенттің көрегендігі мен халық алдына мақсат қоя білуі Қазақстан экономикасын өркендетуге зор мүмкіндік берді»,-дейді депутат.

ДАНИЕЛЬ АЛЬФРЕЙДЕР, ИТАЛИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Менің пікірімше, Қазақстанның жетістігі оның ұзақмерзімді бағдарламаларында жатыр. Ондаған жылдарға бағытталған бұл құжаттарды мен жақсы білемін. Экономикада нәтиежеге жету үшін жылдар керек. Олар пісіп жетілу үшін уақыт қажет. Алдыға қойған мақсатқа тоқтаусыз әрі жүйелі ілгерілеу - дамудың басты талабы. Мен мұны ылғи айтамын және сіздердің еліңізге қарап бұған тағы көзім жетіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер