Ақтөбеліктер EXPO-2017 көрмесіне қызу дайындалып жатыр. Арнайы курстан өткен 100 ерікті көрме қонақтарына қызмет көрсетеді. Ал жергілікті кәсіпорындар 3 мың тоннаға жуық азық-түлік жеткізуді жоспарлауда. Өнертапқыш оқушылар да қалыс қалмауда.

Дарья мен Алина ойлап тапқан «Ақылды жылыжай» компьютерлік бағдарламаның көмегімен жұмыс істейді. Адам тұқымды егіп береді, қалғанын робот өзі атқарады.

ДАРЬЯ ГОНЧАРОВА, ӨНЕРТАПҚЫШ:

Біз ойлап тапқан жоба-әмбебап жылыжай. Адам қолымен жасалатын барлық жұмысты өзі істейді. Тамшылатып суару әдісімен өзі суарады, өзі түбін қопсытып, күтімін жасап отырады. Жылыжай ішінде қалыпты атмосфера болуы үшін арнайы бағдарлама жасадық. Жарықты да автомат реттейді. Робот күннің ұзарғанына дейін біледі. Ондай мезгілде жарықты үнемдейді.

Балалар техникалық шығармашылық орталығында тетігін бассаң, әралуан қызмет атқаратын құлтемірлердің түр-түрін жасайды. Республикалық байқауларда үздік деп танылған жобалар «EXPO -2017» көрмесінде таныстырылмақ.

АЛЕКСАНДР ГОНЧАРОВ, «РОБОТОТЕХНИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫ» ҚБ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің балалар тағы екі жоба жасап жатыр. Біріншісі-«ақылды үй», екіншісі-«құс фабрикасы» жобасы. Екі жоба да балалардың қиялынан туған. Толықтай автоматтандырылған жүйемен жұмыс жасайтын құс фабрикасының жобасын ерекше айтар едім. Балалар қазір асықпай жасап жатыр, көктемде дайын болады.

Жалпы, EXPO көрмесіне Ақтөбеден 25 ірі инновациялық жоба ұсынылады. Олардың біразы бүгінде іске қосылған. Қалғаны 2020 жылға дейін пайдалануға беріледі.

ЕРМЕК КЕНЖЕХАНҰЛЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫС  ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ауылшаруашылығы саласында, су ресурстары саласында және энергия үнемдеу саласындағы жобаларды құрайды. Зауыттан шыққан, өндірістен шыққан шлактарды және басқа да газдарды үнемдеу арқылы, одан басқа зат шығаратын жобаларды көрсететін боламыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер