«Адамзаттың ертеңі – жасыл экономика». Елордада баламалы энергия көздері жайында мәліметтер қамтылған кітап көрмесі ашылды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қанат жайған шарада әлемнің түкпір-түкпірінде өткен EXPO халықаралық көрмесінің тарихымен толық танысуға болады. Төрт бөлімнен тұратын көрменің бір бөлігі осы ғаламдық шараның шежіресі жайында сыр шертеді. Өзгелері еліміздің EXPO-ға дайындығы мен оның маңыздылығын аша түсуге арналған. Жалпы сөрелерге болашақ энергия мен халықаралық көрмелер тақырыбындағы 400-ге тарта кітап қойылды. Қонақтар бұл еңбектермен EXPO -2017 көрмесі аяқталғанға дейін таныса алады. Ұйымдастырушылар дереккөздер жаңартылып отыратынын айтады.

АЙНАГҮЛ МҰРАТБЕКОВА, АҚПАРАТТЫҚ-МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМАЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл кітап экспозициясы төрт бөлімнен тұрады. Онда EXPO хронологиясы, тарихы және Қазақстан мен EXPO-ның байланысы туралы. ҚР ұлттық кітапхананың осы көрмеге арнаған жобалары бар. Сондай-ақ, кітапханада сирек қорлар мен қолжазбалар орталығын құру ойда бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер