Алдағы жылдан бастап Америкаға сапар шегетін Қазақстан азаматтарына 10 жылға дейін виза алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі өкілдері мәлім етті. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы аталған елдер арасында 5 жылдық виза беру туралы шарт жасалған еді. Біршама уақыттан кейін бұл бастаманың оң нәтиже бергенін көрген Қазақстан мен АҚШ виза беру уақытын 10 жылға дейін ұзарту туралы шарт жасасты. Бұл Құрама Штаттар тәжірибесіндегі виза беруге рұқсат етілген ең ұзақ мерзім. Визаны туристік, дипломатиялық және бизнес мақсатта рәсімдеуге мүмкіндік бар. Ал елімізге келген шетел азаматтары 5 күн ішінде арнайы органдарға барып міндетті түрде тіркелуі тиіс. Қазақ елі әлемнің 60-тан астам мемлекетіне есігін ашып  шетелдік азаматтарға отыз күнге дейі виза рәсімдемей-ақ ел аумағына кіруге жағдай жасады. Тараптар он жылдық виза беру туралы шарттың жәй-жапсары туралы өзара келісу үшін небәрі 1 жыл уақыт кетті.

ТИМУР ОРАЗОВ, ҚР АҚШ-ТАҒЫ КОНСУЛЫ:

ҚР азаматтарына визалық режимді жеңілдету мақсатында АҚШ-пен өзара визалық, визаларды 10 жыл мерзімге беру уағдаластығына қол жеткіздік. Яғни ҚР азаматтарына АҚШ визалары 10 жыл мерзімге беріледі. Бұл тәртіп бүгіннен бастап күшіне енді және өз тарабымыздан алғашқы 10 жылдық визаны АҚШ азаматына салтанатты түрде беріп отырмыз.

Сондай-ақ, СІМ «Ескі әлем» елдерімен визасыз тәртіп құруды жоспарлауда. Ал 2016 жылы Бразилиямен визасыз режим енгізілген. Қазір Шри-Ланка, Макао және Израильмен келіссөздер жүргізілуде. Жапониямен де визалық жағдай оңтайландырылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер