«Қазақстан – өткені мен болашағын шебер үйлестіре білген ел». Ұлыбританиядағы стартап-қозғалыстарының ұйымдастырушысы, 3beards  компаниясының негізін қалаушы Бенджамин Саусворт осындай пікір білдірді.

БЕНДЖАМИН САУСВОРТ 3BEARDS КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Қазақстанда инвестициялық мүмкіндіктер жетерлік. Бұған бірнеше фактордың әсер етіп отырғанын көремін. Мұнда адами қарым-қатынас жоғары бағаланады.

Пәкістанның Саяси зерттеулер институтының профессоры Ирфан Мухаммадтың айтуы бойынша, осындай қысқа мерзімде  толағай жетістіктерге жету кез келген мемлекеттің қолынан келе бермейтінін айтады.

МУХАММАД ИРФАН ШАХЗАД, ПӘКІСТАННЫҢ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ: «Қазақстанның жетістіктеріне қарап-ақ білуге болады. Қазіргі таңда елдің әлеуеті Орталық Азияда жетекші экономикалардың алғашқы тобына кіреді. Көлемі жағынан да, жылдағы ЖІӨ өсімі бойынша да. Инфрақұрылымның, білімнің, бизнестің және басқа да салалардың дамуы жайлы дәл осылай айтуға болады.

Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық Даму ұйымының талаптарына сәйкес өсім көрсетіп келеді. Сондай-ақ мемлекет Еуроодақтың көптеген елдерімен парламенттік ынтымақтастықты белсенді дамытты.

МИШЕЛЬ ВУАЗЕН, ФРАНЦИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Францияның Ұлттық Ассамблеясының «Франция-Қазақстан» тобының вице-президенті ретінде Қазақстанның парламентіндегі әріптестерімен тұрақты кездесіп тұрамын. Біздің арамызда жақсы достық қарым-қатынас орнаған. Сондай-ақ, Экономикалық Ынтымақтастық Даму ұйымындағы қазақ делегациясымен де ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Қазақстанның осы ұйымның стандарттарына сәйкес жетістіктерге ұмтылып, ілгері дамуын жақсылыққа балаймын.

«Қазақстан өзге елдерге өркендеудің озық үлгісін көрсете білді». Егемен еліміздің даму жолы туралы израильдік инноватор, Тель-Авив университеті жанындағы Кәсіпкерлік орталығының негізін қалаушы Орен Симанян осылай деп ойлайды.

ОРЕН СИМАНЯН ТЕЛЬ-АВИВ УНИВЕРСИТЕТІ,КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

«Мен Қазақстанда осыған дейін 4 рет болдым «EXPO-2017» көрмесінде көрсетілетін «ақылды» технология мен «жасыл» энергия жобаларының нақты іске асатынына толық сенімдімін. Қазақстанда бизнес жасауға жақсы мүмкіндіктер бар. Бұл кәсіпорындар аймаққа ғана емес, бүкіл әлемнің игілігі үшін қызмет етеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер