Cолтүстік Қазақстан облысынан Қытайға сүт, жұмыртқа және ет экспортталады. Бұл туралы өңірге Қытайдың Шэньси провинциясының Сиань қаласынан келген делегаттарымен өткен кездесу барысында айтылды. Ресми топ астықты аймақтың инвестициялық мүмкіндігімен танысуға арнайы келіпті. Жиын барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы талқыланып, өзара әріптестікті нығайту жөніндегі құжатқа қол қойылды. Бұл алғашқы келісім емес. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында Қытайлық инвесторлардың қатысуымен өсімдік майы зауыты ашылды. Өндіріс ошағы жылына 300 мың тонна майлы және дәнді дақылдарды терең өңдеп, табиғи таза өнім шығарады.

ЧЭНЬ БАОГЭНЬ, ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫ СИАНЬ ҚАЛАСЫ ЖАЛПЫҚЫТАЙЛЫҚ ХАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ ЖИНАЛЫСЫ КОМИТЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, ҚХР:

Қазақстанда инвесторларға жайлы жағдай жасалған. Тайынша өсімдік майы зауыты соның дәлелі. Тың жоба тез әрі еш кедергісіз жүзеге асты. Бұл агроөнеркәсіп саласының дамуы мен жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс істеу керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер