Қостанайдағы темір-бетон бұйымдарын жасайтын кәсіпорын 2017 жылы өндіріс көлемін 5 есе арттырып, 50 мың шаршы метр құрылыс материалын шығармақ. Зауыттың қауқары бұған толығымен жетеді. Тиісінше, өнімдердегі отандық үлес те арта түседі. Төлебек пен Бақыт мұнда алғашқы күннен бері істеп келеді. Олардың қызметі қарапайым болғанымен, жауапкершілігі зор.

ТӨЛЕБЕК ЕРКІНБАЕВ, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ:

Екі қабырғаны бекіттіретін бекіткіш мынау. Осы маңызды нәрсе. Екі қабырғаны қосып тұру керек. Неше түрлісі болады, мынадай-мынадай. Осыны істейміз.

Өндірістік аумағы 25 мың шаршы метрлік алып кәсіпорында бірнеше желі, цех жұмыс істейді. Бір-біріне еш кедергісі жоқ. Ауыр жұмыстың бәрі автоматтандырылған. Мұнда 24 сағат ішінде көпқабатты үйдің бір қабатын әзірлеу түк те қиындық тудырмайды. Зауыт шығарған алғашқы өнімдерде қазақстандық үлес 50 пайыз болса, қазір ол 70 пайызға артқан. Алдағы меже тоқсан пайызға жеткізу. Мұнда дайындалған панелді қабырғалар, көліктерге тиеліп, құрылысқа дайын күйінде барады.

ВАЛЕРИЙ МАЗУР, КОМБИНАТТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл панельдер жылы, барлық жағынан тиімді.  Осы жерде пластикалық терезелерін орнатып, тапсырыс берушінің қалауынша сырлап, тіпті тұсқағаздарын жапсырып қоямыз. Бұл үйдің бағасын арзандатады, әрі уақытты үнемдейді.

Кәсіпорын осы уақытқа дейін он мың шаршы метр құрылыс материал шығарған. Олардан облыс орталығында 7 көпқабатты үй салынды. 2017 жылғы жоспар – «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 9 қабатты 12 үй тұрғызу. Тапсырыстың ұлғаюы жұмыс күшін талап ететіні белгілі. Бұл қазір 150 адам жұмыс істейтін зауытта тағы 70 адамға еңбек орны ашылады деген сөз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер