Өскемендегі Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде техникалық бақылау стансасы іске қосылды. Ондағы заманауи жабдықтардың дені осы оқу орны ұстаздарының қолынан шыққан дүниелер. Жас ғалым – Самат Байгереев автокөліктерге техникалық бақылау жасаудың тиімді жолын тапты. Сонымен қатар, бұл жүйені автоматтандырудың оңтайлы жолын ұсынып отыр.

САМАТ БАЙГЕРЕЕВ, PhD ДОКТОРАНТЫ:

Менің жаңартпашылық идеям автокөліктердің тежегіш жүйесін диагностикалауға бағытталған. Менің бағдарламам осы диагностикалық жабдықтарды жабдықтаумен байланысты. Оның оңтайлы параметрлерін табуға бағытталған.

Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірген еліміздегі көліктердің ЕУРО 4, ЕУРО 5 стандартына сай болуын қадағалап отыру маңызды. Бұл, ең алдымен, экологияға таза ұстауға көмектеседі.

АЛЕКСАНДР ЗАВАЛКО, ШҚМТУ МАШИНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұған дейінгі стандарттарға сай қалдықтардың қалыпты нормасы 3,5 % құраған. Қазіргі талап бойынша 0,3 пайызды көрсетуі керек. Яғни, біздің құрылғылар 10 есе нақты есептеуге тиіс. Диагностикалық құрылғыларға үлкен сенім артылып отыр.

Сондықтан да университет мамандары студенттеріне білім беріп қана қоймай, ғылыми бағытта да жетістікке жетуіне зор жағдай жасап отыр.

ЖАҚСЫГЕЛДІ НАЗБИЕВ, ШҚМТУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Ғылымсыз келешек жоқ. Оны, әрине, түсініп отырмыз. Сондықтан, мына өзіміздің студенттерді шетелдік дамыған университеттер ішінде қалып қоймасын деп, ең бірінші болып бүкіл Қазақстан университтері шінде 3D принтер бар өзіміздің университетте сондай бірнеше лабороторияны іске қостық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер