2016 жылы елімізге 14 жарым млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылған. Бұл осыдан 8 жылғы рекордтық көрсеткішпен пара-пар. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігінің басшысы Борисбий Жанғұразов осындай мәлімет айтты. Мысалы, Ақтаудағы Кендірлі курортының құрылысына германиялық инвесторлар 1 млрд АҚШ долларын құйған. Ал Қытайдың мұнай өңдеу саласындағы үлесі 3 млрд долларға жуықтайды. Дегенмен, шығыстағы көршіміз еліміздегі инвесторлар қатарында тек сегізінші орында тұр. Қазақстанға 65 млрд доллар көлеміндегі инвестиция құйған Голландия елі көш бастаса, 23 млрд доллармен Америка Құрама Штаттары – екінші орында. Үштікті 13 млрд доллар үлесімен Франция түйіндейді.

БОРИСБИЙ ЖАНҒҰРАЗОВ, «KAZNEX INVEST» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Анықталғандай, шетелдік инвесторларды көлік құрастыру, ауыл шаруашылығы, сауда-саттық және химиялық өнеркәсіп салалары қызықтырады. Ал метталургия секілді кен орындары көп жағдайда инвесторлардың назарынан тыс қалып жатыр. Өйткені темір бағасы бүгінде қымбат емес.

Былтыр еліміздің шет елдермен сауда-саттығы 58 млрд АҚШ долларын құрады. Есесіне, шикізат өнімдерінің экспорты төмендеді. Бұл – мұнай, газ және металл бағаларының құлауының салдары. Алайда Қазақстан 50 ірі экспорттаушы елдің қатарында қала бермек. Бүгінде Қазақ елі 117 мемлекетке өз өнімдерін тасымалдайды. Көбіне, сыртқы нарықта қазақстандық азық-түлік өнімдері сұранысқа ие. Сондықтан шикізаттық емес тауарлардың экспорты 35 пайызға артып отыр.

МЕЙІРЖАН МАЙКЕНОВ, «KAZNEX INVEST» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сондай-ақ, шетелге тасымалданатын тауарлар көбейді. Мәселен, 10 жыл бұрын өнімнің 800-дей түрін экспорттасақ, қазір бұл көрсеткіш бір мыңға жетті. Бұл, біріншіден, Индустрияландыру бағдарламасы септігін тигізді. Екіншіден, экспорттаушы компанияларға мемлекеттік қолдау көп.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер