Астанада өтетін «ЕХРО-2017» көрмесіне 20-ға жуық британиялық компания қатысады. Ұлыбританияға ауданы бойынша ең ірі павильондардың бірі бұйырған. Және оның сыртқы пішіні қазақтың киіз үйіне ұқсас болатыны белгілі. Британиялықтар энергетикалық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық технологиялар мен әлемдік деңгейдегі зерттеулерге көп көңіл бөлмек. Білім саласы да басым бағыттардың бірі болады. Ұлыбритания мен Қазақстан бұл жағынан мықты байланыс орнатқаны белгілі. Британиялықтар «ЕХРО» арқылы өз оқу орындарына қазақстандық студенттерді көптеп тартуды көздеп отыр.

ЧАРЛЬЗ ХЕНДРИ, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ «EXPO-2017» КӨРМЕСІНДЕГІ КОМИССАРЫ:

Біз сондай-ақ британиялық компанияларға Қазақстанмен әріптестік орнатудың пайдасы шаш етектен екендігін жеткізігіміз келеді. Оның үстіне сіздердің елдеріңіз арқылы Ресей және Қытай сияқты алып мемлекеттердің нарығына шығуға үлкен мүмкіндік бар.

Ең алғашқы «ЕХРО» көрмесі 165 жыл бұрын Ұлыбританияда өткізілгені белгілі. 1851 жылғы бірінші көрмеге 6 млн-ға жуық адам қатысып, ұйымдастырушыларды пайдаға батырған. Қазақстан да шараны өткізу арқылы бірнеше бағыт бойынша табысқа жетуді жоспарлап отыр.

СИДХАРД САКСЕНА, КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Ол кездегі көрме бұған дейін не болғанын ғана емес, не болатынын да болжай білген. Басқаша айтқанда Ұлыбритания ЕХРО-ны өткізу арқылы жаңа технологиялардың дамуына ықпал етті. Соның арқасында бүгін біз ғылымда керемет жаңалықтар жасай аламыз. Қазақстанды да болашақта осындай жақсылықтар күтіп тұр деп үміттенемін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер