Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас штаб-пәтерінде Қазақстанның көркем жерлері, соның ішінде Астанадағы «ЕХРО» халықаралық көрмесінің мүмкіндіктері таныстырылды. Көрменің ресми туроператоры қытайлық екі бірдей үлкен туристік агенттікпен өзара әріптестік жөнінде келісімге қол қойды. 2017 жылы «ЕХРО» көрмесін тамашалауға қытайлықтар көптеп келеді деген үміт зор.

ӘСЕМ ҚОЗБАҒАРОВА, «SKY WAY» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Меніңше таныстырылым өте сәтті болды. Қытайлық туроператорлар тарапынан Қазақстанға барып келу мәселесіне байланысты сұрақтар көтерілді. Бұл бағытта қазір Үкімет жағынан да белсенді түрде жұмыстар атқаралып жатыр

Қытайлық туристік агенттіктер Қазақстан елінің туристік орындарын жарнамалауды күшейту керек деп есептейді.

ЮЙ ЖЯ, ҚЫТАЙЛЫҚ ТУРИСТІК КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

Бізге туристер үшін қандай жағдай жасалатыны қызығырақ. Қытайлық саяхаттаушылар Қазақстанға барғанда не көремін деген сұрақ қояды.

Туристік топтарға виза беру келісіміне қол қойылғалы Қазақстанға шығыстағы көршімізден 600-дей саяхаттаушы келген. Астанадағы халықаралық көрмеге Қытайдан туристерді көптап тарту үшін саяхатшыларды қызықтыра білуіміз керек. Өйткені туризм – табыс көзі.

СҰЛТАН ҚИНЖАҚҰЛОВ, ҚР ҚХР ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қытайлық туристер өткен жылы шет елге шығып 165 млрд доллар жұмсаған. Сол үшін де біз қытайлық туристерді қазақстанның нарығына тартуға қызығушылық білдіріп жатырмыз. Сол бағытта жұмыс жүріп жатыр.

Қазақстан қытай туристері үшін 2017 жылы Дания, Австралия, Швеция сияқты мемлекеттермен таласқа түседі. Өйткені бұл елдер де біз сияқты жаңа жылды Қытайдың туризм жылына деп арнап отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер