Алматыда «Верный жәрмеңкесі» өтті

Алматыда «Верный жәрмеңкесі» өтті

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі «Верный жәрмеңкесі» өтті. Халықаралық көрмеге алуан түрлі әшекей бұйымдар, кескіндеме жұмыстары, антиквариат және басқа да қолөнер туындылары қойылды. Жалпы, шараға Орталық Азияның, сондай-ақ, Грузия, Латвия, Украина, Германия, Болгария, Ресей, және Жапония елдерінің қолөнер шеберлері қатысты.

АЙЖАН ӨТЕПБАЕВА, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Бұл жәрмеңкеге қатысқанымызға екінші жыл. Өте қызықты. Біз тәжірибе алмасамыз. Басқа елдердің көркемөнерін тамашалаймыз. Өзіміздің тамаша заттарымызды көрсетіп, халыққа жариялаймыз.

АЛЕКСЕЙ БОРОВИКОВ, «ВЕРНЕНСКАЯ МАНУФАКТУРА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осыдан 150 жыл бұрын Алматы қаласының атауы Верный болған. Қала тез өсіп, түрлі жәрмеңкелер жиі өтетін. Біз сол дәстүрді қайта жаңғыртып, «Верный жәрмеңкесін» ұйымдастырдық. Және сол уақыттағы жәрмеңкенің атмосферасын, көңіл-күйін қалыптастыруға тырыстық.