Ақтау балабақшаларының бірінде мектепке дейінгі Қазақстан Халқы Ассамблеясы ашылды. Бұл – облыста жұмыс істейтін осындай екінші мекеме. Мұнда балаларды кішкентайынан төзімділік пен бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелейді. Енді осындағы 180 бүлдіршін Қазақстанда тұратын барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрін үйренбек.

Тігілген ұлттық киімдер мен өткізіліп жатқан ашық сабақтарға қарап әр этностың тұрмыс–тіршілігіндегі өзіндік ерекшеліктерін көруге болады. Бағдарлама бойынша әр мерекеде балалар түрлі тілде ән мен өлең айтады.

Мұнда Қазақстан Халқы Ассамблеясының балалар мұражайы да ашылған. Стендтер әзірге көп болмағанымен, қолдағы бар туындылардың әрқайсысы ерекше ынтамен жасалған. Осының арқасында балғындар бір шаңырақ астында 140-қа жуық этнос тұрып жатқан Қазақстанның бірлігі бекем ел екендігін ерте жастан түсініп өспек.

ТАТЬЯНА АРТЕМЕНКО, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Биылдан бастап драма пәні енгізіліп отыр. Біз бұл пәнді балабақшада өткізетін боламыз. Бұл жерде халық ертегілері, халықтық ойындар барлығы Ассамблеямен байланысты жүргізіледі. Балалар ақындар мен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері туралы оқып біледі. Тек қазақ ертегілері ғана емес жалпы өзге де халықтардың ертегілері жайында таныс болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер