Әлемге әйгілі бірнеше мюзикл елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды. «Астана Мюзикл» Жаңа жыл мерекесіне арнап айрықша шоу ұсынды.

Театр артистері  «Кабаре», «Опера елесі», «Мысықтар», «Мамма мия» секілді танымал композицияларды орындады. Актерлер, бишілер мен әншілер – Жүргенов атындағы Өнер академиясы мен «Шабыт» университетінің түлектері. Қойылым белгілі ресейлік хореограф Николай Подошваның жетекшілігімен қойылды.

ҚУАНЫШ ШӘКІРОВ, «ASTANA MUSICAL» ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ:

Қойылымызда әр әлемдік мюзиклден көріністер алынған. Оның ішінде ағылшын, орыс, қазақ блоктары бар. Мысалы, «Нотрдам де Пари» үзіндісі алынған. Орысшадан «Юнона и Авось», ағылшыннан да бар.

ЛӘЙЛӘ ТЕМІРХАН, «ASTANA MUSICAL» ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ:

Біз мюзиклді алғашқы театр болып ашып отырмыз. Бұл алғашқы қадамдарымыз десек болады. Болашақтан мен үлкен үміт күтемін. Өйткені, біздің артистер Қазақстанда ғана емес, Қазақстанды шетелде танытып, өзіміздің қойылымдарымызбен барамыз деген жоспарымыз бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер