Агроөнеркәсіп кешенінің 25 басым бағыты бойынша 11 мың фермер оқу курстарынан өтті. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агробіліктілік орталығында 2016 жылы жасалған жұмыс қорытындыланды. Биыл шаруалар үшін ақысыз негізде шетелдік және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен 700 семинар ұйымдастырылған. Тренингтерде дуалды оқыту жүйесі қолданылды. Қатысушылар еліміздегі үздік шаруашылықтардың тәжірибесімен, ресурс үнемдегіш технологиялармен, өнімділікті арттыру әдістерімен, түйе мен марал өсірудің қыр-сырымен таныса алды.

ТӨЛЕУТАЙ РАХЫМБЕКОВ, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АГРОБІЛІКТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Негізінен агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттарына назар аударылды. Бұл етті және сүтті мал шаруашылығы, қой өсіру, өсімдік шаруашылығы, майлы дақылдар, азық дақылдары және тағы басқалары. Семинарларға 25 шетелдік сарапшы, 30 отандық маман және 120 дәріскер шақырылды.

Сонымен қатар, фермерлерге қашықтықтан кеңес беру мақсатында fermers.kz. арнайы порталы іске қосылды. Онда түрлі тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік материалдар мен бейнедәрістер жарияланған. Іске қосылғаннан беру интернет-ресурсты өз елімізбен бірге алыс және жақын шетелден 50 мыңға жуық адам пайдаланған екен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер