«Тәуелсіздіктің 25 кадры». Астанада осындай атаумен қарапайым қазақстандықтардың  фотосуреттер  көрмесі ашылды. Олардың авторы – жас фотограф Оспан Әли. Оның жұмыстары  бұған дейін де талай көрмелерден көрінді.  Ең ірісі – жазда Париждің «Карусель дю Лувр» сауда үйінде  өткен көрме. Ол 500 фотографтың арасынан іріктелген 26 автордың тізіміне енді. Әлидің кәсіби фотосуретпен шұғылдана бастағанына 3 жылдың жүзі болыпты. Еңбектері талай рет ақпарат құралдарында жарияланды, енді бірі танымал адамдардың жеке суреттер топтамасын толықтырды. Автор қарапайым адамдардың күнделікті өмірін бақылағанды ұнатамын, дейді. Оның суреттеріндегі кейіпкерлердің аты да, жасы да белгісіз. Дегенмен олардың бәрі  - ел келбеті. «Мәселен, мына фото жылу мен нұр шашатын барлық қазақ әжелерінің бейнесін паш етеді»,-дейді Оспан Әли.

ОСПАН ӘЛИ,  ФОТОГРАФ:

Біздің басты мақтанышымыз да,  құндылығымыз да – адамдар. Қазіргі таңда «Болашақ энергиясы» дегенді көп қолданамыз. Ол нанотехнологиялар емес, меніңше, ерекше энергетиканы қалыптастыратын тағы осы қарапайым адамдар. Сондықтан өзімнің жұмыстарымда елдің бүгіні мен болашағын тұрғындар бейнесі арқылы жеткіземін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер