Балғындар үшін жаңа жылдық мереке. Астанадағы оқушылар сарайында  Президенттік шырша өтті. Ертегі кейіпкерлерімен бірге сиқырлы әлемге 200 бала саяхаттады. Мұндай жолдама 9 және 13 жас арасындағы балаларға табысталған болатын. Мерекеге көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары,  мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мен дарынды балалар қатысты. Шырша маңында жиналғандардың бәрін Елбасы бейнебайланыс арқылы құттықтады. Ол жас ұрпақ елдің ертеңі екендігін айтты. Сондықтан жеткен жетістіктермен тоқтамай, оларды еселей түсу керек деді. «Тынымсыз еңбек, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілік барлық армандарға жеткізеді», - деді Президент балаларға.   

ҚАСЫМХАН СЕНҒАЗИЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Балаларға 70 мың теңгенің көлемінде киім-кешек алуға сертификат. Елбасының атынан кітап және конструктор ойыншықтары. Бір жыл қатысқан балалар келесі жылы қатыса алмайды. Сондықтан әр жыл сайын қатыспаған балаларды қатыстыруға тырысамыз.

Жаңажылдық шыршаның бағдарламасы балалардың көңілінен шықты. Бірі биледі, бірі ән айтты, өзгелері ертегі тыңдады. Оқиға желісімен басты кейіпкер Алпамыс «ЕХРО» еліне келеді. Ал күлшеқыз сынды кейіпкерлер болса, оған көрменің қалай өтіп жатқанын айтып береді. Шараның «Жаңа жылдағы ЕХРО шамдары» деп аталуы да осыдан. Ұйымдастырушылар мерекелік көңіл-күй балаларда ұзақ сақталады деген үмітте. Бүлдіршіндердің жүздері де де осыны аңғартады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер