Кәсіпкерлікті дамытуда оң өзгерістер байқалады. Елордада 2015-2016 жылдардағы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық есебі талқыланды. Зерттеуді Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі мен Экономикалық зерттеулер институты жүргізген. Сауалнама қазақстандық қоғамның бизнеске деген көзқарасының өзгергендігін көрсетіп отыр. Қатысушылардың 68,9 пайызы кәсіпкерлікті жаңа мүмкіндік ретінде қарастырады. Ал 52,1 пайызы жеке бизнестерін ашуға қауқарлы. Олардың ішінде 25-34 жасындағы тұрғындар белсенділік танытуда, дейді мамандар.

НҰРЛАН ҚҰЛБАТЫРОВ, САУДА САЯСАТЫ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Зерттеу елдің барлық аймақтарын қамтиды. Және Алматы, Астана қалалары. 2000-нан астам экономикалық белсенді 18-60 жас аралығында азаматтар қатысты. Бұл жобаның қорытындысы кәсіпкерлікті қолдауға байланысты шешім қабылдайтын азаматтарға үлкен көмек құралы болады деп есептейміз.

Қазақстан жеке бизнес ашуға  қажетті талаптарды барынша  жеңілдетті, дейді сарапшылар. Салықтық жеңілдіктер жасалып, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетілуде.

ӘСЕЛ УӘЛИЕВА, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТ ЖОҒАРЫ БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Кәсіпкерлікті дамыту үшін жүргізілген реформалар бойынша Дүниежүзілік банк Қазақстанды  ондыққа енгізіп отыр. Қазақстан екінші орында. Бұл біз үшін жоғары көрсеткіш. Алда осы саясатты жалғастыруымыз керек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер