Жүз жасаған ән мен мың жасаған күй құдіретінің жыршысы - Шәкір Әбеновтің туғанына 115 жыл. Шежіреші ежелден келе жатқан халық қазынасы – жыр сарындар мен өлең-дастандарды бүгінгі күнге жеткізуші ретінде танымал.  Көненің білгірі, Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше секілді ақындардың мұрасын қағаз бетіне  түсірген. Кейінгі ұрпаққа  халық ауыз әдебиетінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Кейпін батыр», «Ортақ арал», «Таңшебер-Жапал» поэмаларының озық нұсқаларын жазып қалдырды.   Абыз ақын, фольклоршы, сазгердің әуенді де әуезді әндері, терме, толғаулары халық арасында кеңінен таралған. Домбыра тарту дәстүріне сіңірген  еңбегі зор. Алайда суырып салма ақынның жеке күйшілік өнері толыққанды зертелмей жүр. Мерейтойға орай Ұлттық мұражайдың «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты «Шәкір Әбеновтің күй мұрасы» кітабын жарыққа шығарып отыр. Сиясы әлі кеппеген жинаққа иірімді төл туындылары енген. 19 авторлық күйдің 7-і нотаға тұңғыш рет түсіріліпті.

РҮСТЕМ НҮРКЕНОВ, КҮЙШІ, ЗЕРТТЕУШІ:

Зерттеп, мұрағаттарды ақтарып Шәкір Әбеновтің өзінің орындауындағы аудиожазбаларын тауып алдық. Ол ешқай жерде шықпаған, радиоларда тіпті телевизияда көрсетілмеген. Үш шекті домбыраға арналған кітап, осыған дейін бұндай дүние жарық көрмеген. Болашақта толық Шәкір Әбеновтің музыкалық мұрасына арналған жинақ шығару ойымызда бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер