Қазақстандық өнімдер қазір әлемнің 117 еліне тасымалданады. Бүгінде республика экономиканы әртараптандыруға ден қойып, шикізат емес секторларды дамытуда. Тәуелсіздік жылдары елімізде бұрын-соңды өндірілмеген 500 тауар түрінің өндірісі жолға қойылды. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, мемлекеттің шикізат емес секторының дамуына қамқорлық танытып отырғаны шетелдік инвесторларлардың Қазақстан экономикасына деген сенімін арттыруға ықпал етті.

ДАВИД ОБЕРХУБЕР, «ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстанда өндірісті дамытумен қатар, онда жұмыс істейтін мамандардың білімін жетілдіру жобасы бар. Бұл мақсатқа тиісті қаржы да қарастырылған. Жаңғырту жүргізіп жатқан ел үшін бұл өте дұрыс қадам.

БЕРИЛЬ ОДЖАКЛЫ, «ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұрын инвесторлар Қазақстанға қаржы салу жобаларына күдікпен қарайтын. Оған қоса, олар жұмыс істегісі келген саланың тәуекелділігі де жоғары болды. Араға уақыт салып кәсіпорындардың қалай дамып жатқанын көрудеміз. Бұл - сіздің елдің дұрыс жоспар құрғандығының нәтижесі.

СТИВ ХОЛЛ, «MINING EDUCATION AUSTRALIA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Австралиялық инвесторлар Қазақстанның пайдалы қызбаларын зерттеу жобаларына қатысты. Енді осы әріптестікті кеңейтіп, шикізатты өндіру мен бағдарламалық қамтамасыз ету бағытында да жұмыс істесек деген ниетіміз бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер