2016 жылы автоөндіріс саласының еліміздегі ішкі жалпы өнімнің ұлғаюына қосқан үлесі 61,5 млрд теңгеге жеткен. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері автокөлік шығарушылар мен оны сатушылар бюджет қаржысына 17 млрд 400 млн теңге көлеміндегі салық түсірген. Яғни, бұл халықтың сатып алу мүмкіндігінің артқанын көрсетеді. Егер 2015 жылдан бері ішкі нарықта жаңа автокөлікті сатып алу деңгейі күрт төмендеп кетсе, биыл күзден бері темір тұлпар саудасы артқан.

ОЛЕГ АЛФЁРОВ, ҚАЗАҚСТАН АВТОӨНДІРУШІЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша, елімізде жаңа автокөліктерді сатып алу көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайды. Ал, жыл қорытындысы бойынша, отандық диллерлер 850 млн АҚШ долларына көлік сатады деген болжам бар.

Сонымен қатар биыл үкімет тарапынан автонесиелеу бағдарламасының екінші траншы бойынша 11 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, көлік сатып алушыларға несие беру талабы жеңілдетілген.

ПАВЕЛ КИМ, АВТОМОБИЛЬ САУДАЛАУШЫ ПОРТАЛДЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Қыс мезгілінде жол талғамайтын, ал жазда жеңіл көліктерге сұраныс артады. Бірақ, жаңа көліктердің бағасы күрт  өседі деп ойламаймын.

Қазіргі таңда елімізде автокөлік шығаратын бес өнеркәсіп орны жемісті жұмыс істеп, 16 әлемдік бренд автокөліктерін шығарады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер