Санкт-Петербургтің орталығында орналасқан мейрамхана мәзірінен қуырдақ, сорпа, бәліш сияқты қазақ тағамдарын табуға болады. Бастамаға мұрындық болған – аспаз Александр Петроченко. Ол Алматыда туып-өскен. Осы салада 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазақы ет пен қуырдақ дайындауды ауылдағы әжесінен үйренген.

АЛЕКСАНДР ПЕТРОЧЕНКО, АСПАЗ:

Мен қазақтың ұлттық тағамдарын жеп өстім. Оларды сүйсіне жеймін. 7 жылдай Еуропада тұрдым. Дегенмен, Алматымды жақсы көремін. Жақсы естеліктер сақталды. Есіме алып отырамын.

Мейрамханаға келушілердің қазақ мәзіріне сұранысы бар. Әсіресе, қуырдақты сүйсіне алады. Аспаздың ас мәзірлеуде де өз құпиясы бар екен. Ал мейрамхана иесінің айтуынша, ресейліктер көрші елдердің тағамдарын ұнатады.

ЮНИС ТЕЙМУРХАНЛЫ, МЕЙРАМХАНА ИЕСІ:

Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 25 жыл болғанын білеміз. Сондықтан бұл біздің сыйлығымыз деуге болады. Біз қазақ асханасында дайындалған тағамдарды жақсы көреміз. Әсіресе, қуырдақты күнде алып тұрам. Қазір қазақтың ұлттық тағамына сұраныс жоғары. Сондықтан алдағы уақытта қуырдақты ас мәзірінде қалдыруды жоспарлап отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер