Мұнай нарығының алыптары Қазақстанмен ынтымақтастығын тереңдетуде. «Royal Dutsh Shell» компаниясы еліміздегі қызметін кеңейтіп, бірнеше жобаға атсалыспақ.

ШОН РУНИ, «ROYAL DUTSH SHELL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат орнағанына сенімдіміз және өндірісті екі бағытта дамыту мүкіндігін қарастырып отырмыз. Оның біріншісі – Қашаған, екіншісі – Қарашығанақ бағыты

Соңғы 40 жылда ашылған ең ірі мұнай кен орны – Қашағанды игеруге ағылшын-голландиялық «Royal Dutsh Shell» (Роял Датч Шелл) компаниясынан басқа, әлемнің тағы алты мұнай алыбы қатысуда. Мамандардың болжамына сәйкес, келер жылы кен орнында 9 миллион тонна мұнай мен 5,6 миллиард текше метр газ өндіріледі. Бұл өнім толығымен экспортқа жіберіледі. Нәтижесінде ел бюджетіне 135 миллион доллар кіріс түсуге тиіс. Еске салсақ, «Қашаған» кен орны биыл қыркүйек айында іске қосылды.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

14 қазан күні мұнайды экспортқа шығара бастадық. Қазір Қашағанда тәулігіне 120 мың баррель мұнай өндіріледі. Ал болашақта бұл көрсеткішті 180 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Өткен бірнеше ай ішінде ғана біз 600 мың тоннадан астам мұнай және 400 миллион текше метрге жуық газ өндірдік.

Тағы бір шетелдік компания қазақстандық ірі мұнай активіне 3 миллиард доллар қаражат құяды. «KMG International» қытайлық «СИЭФСИ» компаниясымен 51%-дық үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды. Бұл – осы бағытта бірнеше жыл жұмыс істеген Қазақстан үшін тарихи келісімшарт. «KMG» ұлттық компаниясы 2000-жылдары Румыниядағы мұнай өңдеу зауытын алған болатын. Жылдар өте ол дивиденд алып келетін сәтті, табысты активке айналды. Құжаттар күшіне енген соң, румыниялық жобаны Қытайдың «China Energy Company Limited» және Қазақстанның «KMG International» компаниялары тең дәрежеде басқаратын болады. Ұлттық компания мұнымен шектелмей, Еуропадағы инвестициялық жобаларын дамытпақ. Ол Қара теңіз аймағы елдерінің мұнай өнімдері нарығындағы үлесін еселемек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер