Қазақстан биылғы жылды 1 пайыздық экономикалық өсіммен қорытынылауы мүмкін. Дер кезінде қолға алынған шаралардың нәтижесінде еліміз резервін де сақтап қалды, инфляцияны да жоспарланған дәлізде ырықтай білді. Осының арқасында еліміздің ЖІӨ болжанған 0,5% көрсеткіштен екі есеге өсуі мүмкін.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

11 айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 0,8 пайызды құрап отыр. бүкіл резервтерді қосып, әкімдермен өңірлермен сөйлесіп отырмыз, компания басшыларымен хабарласып отырмыз. жылды 1 пайыздық өсіммен аяқтау мүмкіндігіміз бар.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биыл елімізде тауар өндіру 0,9 пайызға артқан. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, фармацевтика салаларында өсім тіркелген. Биыл Қазақстан 70,8 млн тонна мұнай өндірді. Жаңа ашылған Қашаған кен орнында қосымша тәулігіне 120 мың баррель қара алтын шығара бастады. Бұл да өсімнің басты факторларының бірі. Талай жобаға жан бітірген инвестиция көлемі де 6 трлн теңгеге жетті.

ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында 12,1 АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 4,4 есеге жоғары. Ал сыртқы сауда айналымы 49 млрд доллардан асты. Экспорт  29,1 млрд долларға жетсе, импорт азайып, құны 20 млр долларды құраған.   

Жыл басынан бергі инфляция 7,5 пайыздан аспады. Ұлттық банк оның деңгейі  алдағы 2 айда және 2017 жылы 6-8 пайыз деңгейінде сақталады деп отыр. Ел резервтерінің жалпы көлемі – 91 млрд доллар. Қара алтын құны көтерілсе, бұл жағдай да экономиканы демей түсері сөзсіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер