Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған G-Global халықаралық жобасына 5 жыл. Осы уақыт ішінде оған Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің барлығы дерлік қатысты. Астана экономикалық форумы аясында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы құрған бұл алаң халықаралық экономикалық саясатты қалыптастыруға және дағдарысқа қарсы жаһандық шешімдерді іздеуге септігін тигізеді. Елбасымыз атап көрсеткендей, G-Global жобасының басты мәні әлемнің дамуын оңтайландыратын балама шешім тауып беретінінде. Осы кезге дейін дағдарысқа қарсы шараларды қарастырған екі дүниежүзілік конференция, G-20 мен Астана экономикалық форумы алаңдарында маңызды пікірлер айтылды.

МҰРАТ ҚАРЫМСАҚОВ, ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЛУБЫ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Елбасының G-Global платформасын негізге алып, Үлкен жиырмалыққа кіретін елдер мен БҰҰ мүше қалған мемлекеттер арасында Диалог орталығын құру туралы бастамасын халықаралық қауымдыстық қызу талқылап жатыр. Енді бұл идеяны іске асыру әдістері қарастырылады. Біз G-Global жобасына негіз болған басымдықтардың 21-ғасырда жаһандық басқаруды жақсарту үшін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жаңа принциптер бойынша дамытуға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер