Казақ ғалымдары корей әріптестерімен жылқы өсіру тәжірибесімен бөліседі. Осы мақсатта Конкук университеті мен Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті елімізде бірлескен кафедра ашуға келісті.

ӘЙІП ЫСҚАҚОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МАЛ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Осы Конкук университетінің ғалымдары қазір Қазақстанға келіп жылқы шаруашылығы бойынша бірлескен жұмыс істеуді көздеп отыр. Себебі олардың майынан олар әртүрлі косметикалық заттар алады екен. Мына Кореяны білесіздер, медициналық туризм, косметика жағынан өте күшті дамып жатыр. Соған орайдан Қазақстаннан мал шаруашылық саласындағы көптеген шикізатты алып соны қор есебінде пайдалану көзделіп отыр.

КИМ СУ КИ, КОНКУК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Чечжудо аралында шамамен 25 мың бас жылқымыз бар. Бірақ оларды союға емес, мініске қолданамыз. Жалпы, аптасына 3-4 жылқы соямыз. Бірақ оның санын көбейту үшін технологиямыз жетпейді. Сондықтан жылқы өсіруде жетістікке жеткен Қазақстаннан тәжірибе алғымыз келеді.

Екі ел өсімдіктер қорымен алмасуды да жоспарлап отыр. Өйткені Кореяда дақылдардың 150 мың түрі сақталған роботтық ген банкі құрылды. Сондай дақылдардың бірі - соя қазір корей елінде тапшы. Сондықтан оның егіс алқабын 100 мыңнан 400 мыңға ұлғайтып, Солтүстік, Батыс және Шығыс Казақстанда өсіру көзделіп отыр.

СЕРІК КЕНЕНБАЕВ, ҚАЗАҚ ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ ДИРЕКТОРЫ:

Конкук университетімен қатар, Кенбук университеті. Олардың ғалымдары соя дақылдарын өсірумен айналысады. Осы университеттің профессормен біз жолықтық. Олардың гендік қорымен біздің ғылыми-зерттеу институтында сеуіп, көріп оны ары қарай жалғастыру.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – кадр даярлау. Корея университеттерінің бірінде жергілікті соя сұраптарын қазақстандық аспирант зерттеп жатыр. Қазақстанға оралып, ол корейлік әріптестермен бірге өзінің тәжірибесін басқаларға үйретіп, тіпті сояның жаңа сұрыпын шығаруды көздеп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер