2017 жылы Астанада жас өнертапқыштар лагері ашылмақ. Мұндай жоспармен «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекова бөлісті. «EXPO» халықаралық көрмесі қарсаңында құрылатын лагерьде 15 және 25 жас аралығындағы түрлі елдерден келген жастар бас қоспақ. Мақсат – дем алу емес, жасыл технологияларды дамыту. Мұндай жобаны іске қосу үшін халықаралық ұйымдар және елшіліктермен тиісті келіссөздер жүргізілуде.  

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ G-GLOBAL ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біздің Арнасайда жасыл технологиялар орталығы бар ғой. Мысалы, шет елден келетін біз 5 күнге әкелсе деп отырмыз. 100 мемлекеттің жастарын. 2 күн ЕХРО-ны аралайтын болса, ++ бір тілде, бір ойларын ортаға салса дейміз.

Шара барысында «ЕХРО-2017» көрмесіне ұсынылатын ресейлік жобалар туралы да айтылды. Көрші мемлекетке ауданы үлкен павильондардың бірі бұйырып отыр. Оның тақырыбы «Ресей – ғаламшардың энергетикалық әлеуеті» болмақ. Қазірдің өзінде көрмеге Ресейдің 30-дан астам өңірі келіп, өз жобаларын таныстыруға дайын екені белгілі.

ВЛАДИМИР СИДОРОВИЧ, «RUSSIA EXPO ASTANA-2017» САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Астанада өтетін «ЕХРО-2017» көрмесінің басты ұраны «Болашақ энергиясы» екені белгілі. Сондықтан бүгін Қазақстан және Ресей сарапшылары энергия көзінің жаңа тұстарын, оның қуаттылығын талқыладық. Халықаралық көрме басталғанға дейін, екі ел сарапшылары бірлесіп, жаңа мүмкіндіктерді саралайтын болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер