Қазақстандық жазушы Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» атты кітабының желісі бойынша түсірілетін «Кірпіштер» фильмінің (жұмыс атауы ) түсіру жүмыстары басталды.  

Фильмде өз өмірін өзгертуге ұмтылған жігіттің өмірі баяндалады. Қарапайым да мейірімді жігіт болған ол мақсатына жету үшін әдепсіз өзімшіл қатыгез адамға айналады. Адамның адалдығына сенуден қалып,  танымастай өзгеріп кеткен ол достарынан да айырылып, жалғыз қалады. Өмірінің осылайша өзгергенін қаламаған бас кейіпкер жан күйзелісіне ұшырап, ішімдікке салынады. Алайда маскүнемге қол ұшын созғандар табылып, енді ол нық сеніммен жаңа өмірге қадам басады.   

Данияр Сүгіралинов, «Кірпіштер 2.0» кітабының авторы:

Өмірден өз орнын таба алмаған,  әбден түңілген жастарға арналған бұл шығарма қанаттарын кеңге жайып, өмірлерін мәнді де мағыналы етіп өзгертуге шақырады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер