Қазақстандық компаниялар Қытай нарығына өз өнімдерін таныстырды. Атыраудың балығы мен уылдырығы, Шығыстың балы мен пантокрині, Оңтүстік өңірдің ұны, ақтөбелік жылқы еті қытайлық кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Бұл шараға жалпы саны 25-тен аса отандық өнім өндіруші келген. Қоспасы жоқ таза өнімдер көрші елдің нарығында үлкен сұранысқа ие. Осы шараға Бейжің, Шаньдун, Хэнань, Шаньси сияқты қалалар мен аймақтардан 120-дан астам компания қатысты. Қазақстан марал өсірушілер палатасының төрағасы Нұрлан Тоқтаровтың айтуынша, мұндай көрмелер екі жаққа да тиімді.

НҰРЛАН ТОҚТАРОВ, ҚАЗАҚСТАН МАРАЛ ӨСІРУШІЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы жолы келіскенде туристерді әкеп, олар біз жаққа барып демалып, бізде саяхаттап, заттарды сатып алып кететіндей жолын ашып жатырмыз. Бұл бізге екі есе пайда болады. Неге десеңіз, біз жақта демалады, біздің өнімді алады, біздің адамдарға қосымша жұмыс болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер