Шығыс Қазақстанда индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн 160 млрд теңгені құрайтын 82 жоба қарастырылған. Бүгінге дейін оның тең жартысы жүзеге асып, ел игілігіне жарады.  Биылдың өзінде  400 адамды жұмыспен қамтыған 2 ірі жоба іске қосылды. Соның жартысына жуығы үй құрылысына аса қажет сапалы жоңқа тақталар өндірісінде жұмыс тапты. Қалдықсыз, жаңа технологиямен жұмыс істейтін заманауи зауытта ені 6 мм-ді құрайтын тақталар өндіріледі.  

СЕРГЕЙ СКРИПНИК, ЗАУЫТТЫҢ БАС ТЕХНОЛОГЫ:

Біздің өнімдеріміз экологиялық таза, барлық әлемдік стандарттарға сай. Бүгінде үй салуға жиі пайдаланылады. Құрылғыларымыздың барлығын Қытайдан алдық. Тақталарымыз мықты әрі сапалы.

«Қазақстанда жасалған» өнімдерге жергілікті тұрғындардың ғана емес, шетелдіктердің де сұранысы жоғары. Кәсіпорын өнімі бүгінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне жеткізілуде.

ДАСТАН ЖАЙЛАУБАЕВ, ЗАУЫТ ЖҰМЫСКЕРІ:

ОСБ шығып жатыр, бірінші сорт қана шығады. Біздегі ОСБ-лардың сапасы жақсы.

Кәсіпорын тәулігіне 150  шаршы метр арзан әрі сапалы өнім шығарады. Ал толық  қуатына көшкенде өнімділік екі-үш есе артады деген сенім бар.

АЛЕКСАНДР ВОРОБЬЕВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

Біз жазда толық қуаттылыққа шықпақпыз. Екі орманшылығымыз бар. Тағы екеуіне сұрау салдық. Себебі, шикізат тапшы.

Ашылғанына аз уақыт болса да, Қазақстанда баламасы жоқ мекеме ішкі сұраныстың 70 пайызын қамтып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер