Тарихи тамыры бір, мәдениеті мен дәстүрі ортақ Қырғызстан – Қазақстанның сенімді серігі, әрі әріптесі. Түбі бір қырғыз елі де 25 жыл бұрын тәуелсіздігін алды. Содан бері қос ел қатар дамып келеді. Айырқалпақты ағайын – айнымай келе жатқан сенімді серіктесіміз.

ЕРЛАН ӘБДІЛДАЕВ,ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біз Қазақстанның жеткен жетістігіне бірге қуанамыз. Өйткені, тек көрші емес сонымен қатар бауырмал елміз. Осы уақытқа дейін қаншама маңызды бастамаларды жүзеге асырдық. Татулығымыз мың жылдық боларына сенемін.

Еуразия экономикалық одағына кіру екі елдің өндірісін өркендетіп, кәсіпкерлік саланың кеңістігін кеңейтті. Дегенмен Одақтың өз шарты бар. Ал, талапқа сай болу үшін қырғыздар қазақ елінің тәжірибесінен үлгі алады.

ТЕМІР САРИЕВ, ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКС-ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бізде қазір бірыңғай кедендік шекара бар. Бүгінде еш кедергісіз тауар тасымалдауға болады. Біз тек қана сауда-экономикалық қарым қатынасты дамытып қоймай, мәдени гуманитарлық салаларға көңіл бөліп келеміз.

Екі елдің мәдениет пен әдебиет әлеміндегі байланысы да біте қайнасқан. Ғасырлардан жеткен баба мұрасы мен аманаты бәрімізге ортақ. Өткенді електен өткізіп, келешек көкжиегіне көз салсақ, өзгемен бірлігі бекем елдің ғана түтіні түзу шығатынын аңғарамыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер