Жас дарындар халықаралық байқауда бас қосты. «Астана Мерей» осымен 12-рет ұйымдастырылуда.  Бұл жолы байқауға еліміздің әр өңірінен 7 және 18 жас аралығындағы талантты жастар қатысты.  Үздіктер «Баян, аккордеон», «Домбыра», «Қобыз» және «Дәстүрлі ән» сынды аталымдар бойынша   анықталды.

ӘЙГЕРІМ АМАНГЕЛДИЕВА, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Мен қобыз ойнауды 6 жасымнан бастадым. Қазір 9-дамын. 3 жыл бойы ойнап жүрмін. «Мерейге» бірінші рет қатысып отырмын.

АЯЖАН ЖҮНІСОВА, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Қылқобыздың үні ұнайды, тарихы ұнайды. Қорқыт атадан қалған мұрада ойнау біз үшін үлкен мәртебе. Байқауға келер болсам, өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қатысушылар да өте мықты, елімізде талантты жастардың көп екеніне осы байқауға қарап, көз жетеді.

4 күн бойы қазылар алқасы 120-дан астам үміткер арасында мықтыларды іріктеді. Бұл оңайға соққан жоқ, дейді олар. Өйткені балалардың  арасында осалы жоқ, бәрі бір-бірінен кем түспеуге барын салған.

РАУШАН МҰСАХОДЖАЕВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Олар тек қана ұлттық музыка ғана емес, Еуропа, орыс классиктерінің туындыларын ойнап шықты. Соған қарағанда, деңгейі өте биік деп ойлаймыз біздің музыкалық өнердің. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай осындай шаралар өткізіліп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер