Бүгінде Қазақстанға инвестиция салып отырған елдер аз емес. Олардың бәрі бірауыздан қазақ елін кәсіп үшін қолайлы деп біледі. Француз кәсіпкері Ги Сидос республиканың цемент өндірісіне инвестиция құйған. 

ГИ СИДОС, VICAT КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

2007 жылдан бері Жамбыл облысына қарасты Мыңарал ауылындағы цемент зауытының құрылысы мен оны дамыту жұмыстарына 300 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйдық. Соның арқасында 750 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 500-і мердігер компаниялардың үлесінде. Жылына 1, 4 миллион тонна цемент өндіруге қауқарлы зауыт 6 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде жұмыскерлер кенті салынды. Біз Қазақстанда цемент өндіреміз. Осының бәрі Қазақстанда қолайлы инвестициялық жағдай жасалғанын білдіреді.

 

«Қазақстан – инвесторлар үшін Орталық Азиядағы ең қолайлы ел», дейді  «Селена» компаниясының басшысы Кшиштоф Домарецкий. Жақында ,ана поляк кәсіпкерінің қатысуымен елімізде жаңа зауыт жұмысқа кірісті. Ол құрылыс саласы үшін экологиялық таза материалдар шығаратын болады.

КШИШТОФ ДОМАРЕЦКИ «SELENA FM S.A.» КОМПАНИЯСЫ ҚАДАҒАЛАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанда инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдайлардың жасалғанын ерекше атап айтқым келеді. Біз Қазақстанға емін-еркін келіп, өз мамандарымызды әкеліп, оған қоса жергілікті мамандарды жұмысқа тарта аламыз. Инвестициямызды құйып, сондай-ақ өнімдерімізді Қазақстаннан Орталық Азияның барлық елдеріне эксорттай аламыз.

 

GE OIL & Gas (Джи И Ойл энд Газ) компаниясының бас атқарушы директоры Лорензо Симонелли біздің елмен әріптес болғанын мақтан тұтады. Локомотивтер шығару зауытынан бөлек, GE Oil & Gas-тың біздің елде мұнай және газ, денсаулық сақтау және су тазарту салаларында жобалары бар.

ЛОРЕНЗО СИМОНЕЛЛИ, GE OIL & GAS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Сіздің мемлекет өте жас, бірақ аз уақыт ішінде біраз жетістікке жетіп үлгерді. Мен Қазақстанда бірнеше рет болғаныма және қазақстандықтардың қуанышты жүздерін көргеніме ризамын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер