Алматы Универсиадасының атлеттер ауылы әлемнің 57 елінен келетін спортшыларды қабылдауға сақадай сай отыр. Қалашықтағы құрылыс жұмыстары 2014-ші жылдың желтоқсан айында басталып, осы жылдың тамызында аяқталған. Мұнда спортшыларға керектің бәрі бар. Бір мезетте 5 мың адамды қабылдайтын атлеттер үйінде 1-3 кісілік жайлы орындар қарастырылған. Сондай-ақ, әлемнің әр бұрышынан келген шетелдік меймандар Қазақ елінің ұлттық аспаптарымен және ән-күйімен де таныса алады. Атлеттер ауылында ашылған мұражайда Әміре Қашаубаев пен Жүсіпбек Елебековтердің домбырасын, Шашубай Қошқарбайұлының сырнайы мен Сматай Үмбетовтің қыл-қобыздарын және өзге де классиктеріміздің аспаптарын көруге болады. Сондай-ақ,  спортшылар қалашығында діни және мәдени орталықтар, сән салондары да жұмыс істейді.

 

СӘНІМ ШӘРІПОВА, УНИВЕРСИАДА ДИРЕКЦИЯСЫ, АТЛЕТТЕР АУЫЛЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Спортшылар қалашығында 1748 пәтер бар. Өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық жатын бөлмелер дайын. Жылу берілді. Жуынатын және төсек орындардың барлығы сапалы құрылыс материалдарымен жасалған 3 жарым мыңдай үміткер келеді деп күтіп отырмыз. Бұл – Универсиада тарихындағы рекорттық көрсеткіш.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер