Жақында «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан мен Ресей бірлесіп өндірген «28 панфиловшы» фильмінің прокатын Тәжікстанда жасайтын болады. Қазақстанда бүгінгі күннің есебі бойынша фильмнің жинаған сомасы 61,089 млн. теңгені құрап отыр. Ал Ресейде кино фонд есебіне сәйкес фильм 344 млн.рубль жинаған.

Аталмыш фильм Қазақстан мен Ресейде прокатта көшбастап тұр. Көрермендер қызығушылығының артуына байланысты фильм әлі де кинотеатрларда жүріп жатыр(фильмнің тұсаукесері 18 қарашада өткен).

Естеріңізге сала кетейік,   «28 панфиловшы» көркем фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, Ресей) түсірген.

Айта кетейік, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр. Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды. 

Қазақстан мен Ресей елдері бірлесе түсірген бұл фильмнің прокаттағы жинаған сомасы оған жұмсалған қаржыдан асып түсуі жобаның сәтті шыққанын дәлелдейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер