Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жасы 86-ға келсе де, спортпен шұғылданатын 15 баланың анасы туралы әңгімеледі деп хабарлайды Nur.kz.

"Күніне 1000 қадам. Шешем 86-ға толды. Әлі спортпен айналысады. "Күніне кемінде 1000 қадам жүруім керек" деп, құлап қаласыз дегенімізге қарамай көшеге шығып серуендеп келеді. 86 жастағы адамға бұл деген спорт қой!", - деп жазған Ахметбек.

Тұрғын бұл жазбаны жастарға үлгі болсын деп жариялағанын алға тартты.

"Көптеген жас жігіттер мен қыздар күніне 100 қадам да баспайды. Содан кейін "Қарным шықты, ана жерім, мына жерім" деп жүреді. 30-ға толмаған жігіттер тауға шыққанда тілдері салақтап, ахылап-ухілеп әрең шығады. Ал қастарында 70 жастағы орыстың кемпір шалдары жортып жүреді. Жастар үлгі алсын деп қойып отырмын", - дейді ол.

Ахметбектің айтуынша, кейуана 15 баланы өмірге әкелген.

"Шешей - 15 бала өмірге әкелген ана. 86-ға келсе де әлі денсаулығына мұқият қарайды. Тамақты да мөлшермен, диета сақтап ішеді. Бізге үлгі осы жағынан", - деп түсіндірді ол.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер