Ақмола облысының Зеренді ауданында алтын өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылды. Мұнда жылына 150 мың тонна кен өңделеді.

 

Жаңа фабрикада кен әбден өңделіп, одан алтын құрамдас Доре құймасы өндіріледі. Оның жылдық мөлшері 4 мың тонна болады деп болжанып отыр. Кейіннен ол алтынды толықтай терең өңдейтін аффинаж зауыттарына жіберіледі.

 

ӘНУАРБЕК НҰРАБАЕВ, КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір бізде цехтің жартысы ғана істеп тұр. Диірменді-флотациялы цех. Ал, концентратты қазір қойылтқышқа жинап жатырмыз. Керек концентрат жиналғаннан кейін екінші цех десорбция іске қосылады. Кейін январьда доре сплавты береміз.

 

АЙДАРХАН ЖАНЖАНОВ, КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫСЫ:

Бұл кәсіпорынның ашылғаны жергілікті халыққа өте жақсы болды. Әрі өте ыңғайлы. Үйдің іргесінде ғана. Жұмысымыз тұрақты, жалақымыз қомақты болады. Ал, бағалы металл өндірісін өркендетуге барымызды саламыз. 

 

Кәсіпорын орналасқан «Қайыңды» кен орнын мамандар 8 жыл бойы зерттеп, соңғы жылдары осы жерден кен байыту фабрикасын салуды ұйғарыпты. Кен орнының жалпы қоры – 1 млн тонна. Одан 700 мың тонна алтын мен 300 мың тонна күміс алынады. Бұл қор кемінде 10 жылға жетеді. Ал, одан әрі кәсіпорын мырыш өндірісін қолға алмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер