Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» почталық маркасы басып шығарылды. Онда «Қазақ Елі» монументі мен «Алтын адам» ескерткіші бейнеленген. Жаңа пошталық марканың бағасы – 100 теңге. Оны «Қазпочта» бөлімшесінен алуға болады.

 

СӘУЛЕ ЕГЕМБЕРДИЕВА, «ҚАЗПОЧТА» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Тәуелсіздік алғалы бері қазақстандық пошта да түрлі саладағы компаниялармен қатар ел дамуына елеулі үлес қосты. Бүгінгі «Мәңгілік ел» пошталық маркасына салтанатты мөр басу шарасы арқылы біз де жаңа кезеңге аяқ басқанымызды көрсеткіміз келді.

 

Қазақстанда өтетін тағы бір елеулі оқиға - 28-дүниежүзілік қысқы Универсиадаға арналған марка да айналымға енгізілді. Универсиада Дирекциясы «Қазпочта» компаниясымен серіктестік орнатты. «Универсиадаға қатысты барлық жаңалықтарды, хат-хабарларды жеткізу мақсатында елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде беделді компаниямен келісім шартқа отырдық», - дейді олар. Келісім аясында шет мемлекеттерге мыңнан астам сәлемдеме жеткізіледі. Ал Қазақстан бойынша 10 тоннадай көлемді жүк тасымалданады.

 

ҚАЙРАТ БИЕКЕНОВ, УНИВЕРСИАДА ДИРЕКЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Келісім бойынша, біз еліміздің аумағында 200 мың хат-конверттерді тасымалдаймыз. Ал арнайы Универсиаданың белгісі қойылған сәлем-сауқатты әлем елдеріне жеткізетін боламыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер