«Камералық музыканың алтын беттері». «Астана Опера» театрының сахнасында өнер әлеміне өзіндік әуен тілімен, қайталанбас қолтаңбасымен келген қазақстанның «Форте-триосы» өнер көрсетті. Бағдарламаға отандық сахна саңлақтары үшін арнайы жазылған ең таңдаулы туындылар енген. Трио Моцарт, Мендельсон мен Рахманинов сынды шеберлердің мәңгілік шығармаларын орындады. Үштіктің құрамында – оркестрдің бірінші скрипкасы Еркебұлан Сапарбаев, виолончельші Мұрат Нарбеков және белгілі пианист Тимур Урманчеев. «Форте-трио» 2011 жылы құрылған. Биыл өнер ұжымы республиканың Мемлекеттік триосы мәртебесін иеленді. Отандық музыканттар жақында Италияда жеке концерт беріп қайтыпты. 

 

ТИМУР УРМАНЧЕЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Пезаро каласының өнер сүйер қауымы бізді жылы қабылдады. Көбі танып жатты. Біз үшін бұл үлкен құрмет. Пезаро Италияның музыкалық астанасы саналады. Қазақ өнерін халықаралық сахналарда паш ету үлкен жауапкершілікті жүктейді. Таяудағы жоспарымыз – Франция мен Монакоға гастрольдік сапар жасау. Онда репертуарымызға енген ұлттық туындылар мен әлемдік классиканың кесек шығармаларын орындаймыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер