Астана қаласында тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті

Астана қаласындағы  №59 мектеп-лицейі мен Асылтау бизнес орталығында қараша айының 7-8 күні тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті. Семинарға  Астана қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін  арттыру.

Өңірлік екі күндік семинар аясында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, тренингтер өткізілді: «Қазіргі балалар ұйымдары қозғалысының өзекті мәселелері», « Жасөсіпірім ұйымындағы балалармен жұмыс жасаудың интерактивтік әдісі»,  «Балалар және жасөспірімдердің қосымша біліміне психолого-педагогикалық сүйемелдеу».

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының одағы» ҚҰ ҚҚ президенті Дмитриенко Елена Александровна, «Сфера» әлеуметтік-психологиялық өлшеу зертханасы» ҚҚ президенті Кемайкина Татьяна Нигматовна бапкер ретінде өзіндік тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты дәріс оқыды.

Сонымен қатар, семинар барысында Елбасының 2015 жылғы 30 қарашасындағы Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрісін «Ел баласы» республикалық  қоғамдық-саяси газетінің редакторы Бекарыстан Аманжолов  оқыды.

Семинар соңында  қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметік тапсырыс бойынша «Әлем волонтерлық орталығы»  Заңды тұлғалар бірлестігі өңірлік семинардың ұйымдастырушысы болып қызмет етті.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер