Ертіс өңірінде алюминий кластері дамуда. Өңірдегі «Қазақстан электролиз зауыты» отандық үлесті арттыра отырып алюминийді тереңдетіп өңдеуге күш салуда. Соның арқасында өндірілетін өнімнің өзіндік құны 5 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, өңірде қоспалы алюминий шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Келешекте мұнда алюминийден тұрмыстық бұйымдар жасалады. Қазір отандық өнімді Ресей, Украйна, Өзбекстан және Беларусь елдерінің ірі зауыттары тұтынады.

 

РОМАН РОМАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстан электролиз зауытының» ұжымы металлургиялық зауытта жұмыс істейтіндерін мақтан тұтады. Өйткені бұл - біздің Президенттің қолдауымен жүзеге асқан маңызды жоба. Жұмыскерлер өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, асқан  жауапкершілік танытып келеді.

 

РУСЛАН АРАЛОВ, АЛЮМИНИЙДІ ЭЛЕКТРОЛИЗДЕУ ЦЕХЫНЫҢ ШЕБЕРІ:

Біздің зауытта заманауи жаңа технологиялар қолданылады. Ендің өзіміздің республикамыздың экономикасына үлкен үле қосып жатқанымызға қуаныштымыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер