«EXPO» көрмесіне билет сататын кассалар ашылды. Олар Астана мен Алматы қалаларының халық көп баратын сауда орталықтарында орналасқан. Ал 10 наурыздан бастап билеттер еліміздің барлық өңірлерінде сатыла бастайды.

 

АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ, «ЭКСПО – 2017» КӨРМЕСІНІҢ ЕЛШІСІ:

Мұндай ауқымды шара Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілеуге сеп болады. Сондықтан бүгін кіру билетін елден бұрын сатып алғандар қатарында болу мен үшін есте қалар ерекше сәт. Көрменің елшісі ретінде бірқатар елдерге барып қайттым. Келуге ниеттілердің көп боларына кәміл сенімдімін.

 

Билет иелері көрмеге қатысатын елдердің павильондарына кіріп, мәдени шараларды, салтанатты шеруді және кешкі шоуды тамашалай алады. Еске салсақ, осыдан бір ай бұрын «Қазпочта» бөлімшелерінде көрме билеттерінің электронды саудасы іске қосылған.

 

АЙНҰР КҮНҚОЖАЕВА, «ҚАЗПОЧТА» АҚ ҚАРЖЫ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Билеттің құны 4, 6 және 8 мың теңге аралығында. 4 мың теңгеге сатып алғандар көрмеге   жұмыс күндерінде келе алады. 6 мың теңгенің билетін демалыста қолдануға болады. Ал 8 мың теңгеге алғандарға кез келген демалыс күндері көрме есігі ашық.

 

Сондай-ақ, билеттерді «EXPO -2017» көрмесінің ресми сайтынан да сатып алуға мүмкіндік жасалған. Ұлттық компания жиыны 5 млн билет өткізуді жоспарлап отыр. Оның 85 пайызын қазақстандықтар алса, қалғаны шетелдік қонақтарға бұйырады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер