Мектепте оқып жүріп, ғылыми жобалармен айналысу – бұл оқушылар үшін әдеттегі жағдай. Назарбаев зияткерлік мектептерінің өрендері химия, физика, информатика пәндерінен «STEM» бағыты бойынша зертханалық жұмыстарын таныстырды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында кішкентай қазақстандықтар үшін Назарбаев Зияткерлік мектептеріне саяхат ұйымдастырылды. Осы шара барысында өзге мектептердің оқушылары еңселі білім ошағының жетістіктерімен, оқыту үдерісімен танысты. Сондай-ақ, «Роботты техника», «Әуе модельдеу» үйірмелеріне де қатысып көрді. Акция барысында білімімен ерекшеленген бес бала «ЕХРО-2017» көрмесіне қатысуға сертификат алды.

 

ЕЛДАНА ҚАЛАМБАЕВА, ОҚУШЫ:

Биология, химия сабағында біз эксперимент істедік. Ол экспериментте біз түрлі химиялық қоспалармен біз қолданып жүрген органикалық заттардың түстерін өзгертуді пайдаланып. Түрлі қоспалармен жұмыс жасадық.

 

ӘРСЕН БАЙТҰҚОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /ТАРАЗ/:

Шараның нәтижесінде таңдаған балалар жазда Астана мектебіндегі лагерьде дәріс алады. Яғни, Робототезника, әртүрлі ғылымдар, тілдік пәндер бойынша олар дәріс алады. Тегін. Осындай мақсатта. Біз үшін бүгінгі шара ашық есік күні қорытындысы деп айтуға болады.

 

Павлодарда да Тәуелсіздік мерекесіне орай оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебіне саяхат жасап, ондағы тыныс-тіршілікпен танысты. Білім ордасын Павлодардан бөлек, Ақсу, Екібастұз қалаларынан және аудандардан балалар келіп, тамашалады. Мектеп ұжымы қонақтарға әдеби кітаптар сыйлап, өз жетістіктерімен бөлісті. Мерекелік шара соңында Назарбаев мектебінің оқушылары өздері жасаған зымыранды ұшырды.

 

ИСЛАМ СҮЛЕЙМЕН, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Жалпы бұл ракетаны жасауға бір апта шамасында уақыт кеткен болатын. Мектептің мұғалімдерімен оқушыларының бұл жұмысты жасауда зор еңбегінің арқасында қазіргі таңда ракета ұшып, мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.

 

БИБІГҮЛ ДОСАНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ /ПАВЛОДАР/:

Жаппай оқушылардың бәрі далаға шығып, мына физика, биология және химия 3 пәннің кіріктірілген бағдарламасының нәтижесі ретінде оқушылардың жобасының бір нәтижесі ретінде мынау ракетаны жаппай ұшыру болатын. Балаларға іс шара ұнап, көңілдерінен шығып, біздің мектептің оқушыларының қатарына қосылады деген біз үміттеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер