Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 тарту. Астанада белгілі қазақстандық суретші Ақтоты Смағұлованың жеке көрмесі өтті. Суретші – Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін президенттік стипендияның иегері, түрлі халықаралық симпозиумдардың қатысушысы. Жетістіктері аз емес. Алайда, ең бастысы, Ақтоты Смағұлова көркем композицияларды жасаудың хас шебері, дейді сарапшылар.

 

АҚТОТЫ СМАҒҰЛОВА, СУРЕТШІ:

Шығармашылықпен айналысқаныма 25 жыл екен. Суретке бала кезімнен ынтық болдым. Отбасым менің жұмыстарымды мақтан тұтатын. Әкем келген қонақтардың бәріне ерінбей көрсетіп мақтанатын.

 

РЕНАТ ЕЛУБАЕВ, СУРЕТШІ:

Ақтоты Смағұлованың әрбір жұмысынан тарих пен қазақ болмысының лебі еседі. Тек қазақ қана емес, шығыс мәдениетінің көрінісін де байқауға болады деп айта аламын. Бояулардың қанықтығы, түстердің үйлесімділігі, бәрі өте жоғары деңгейде.

 

Ақтоты Смағұлованың шығармашылығына өзге елдердің суретшілері де тәнті. Олар өз жұмыстарына қазақстандық суретшінің туындыларын арқау етуде. Сыншылар Ақтоты Смағұлованың қазақ қолөнеріне өзендік нақыш енгізгендігін атап отыр. Осылайша, ол ұлттық колориттің бар байлығын    паш етуде.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер