Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күн.

 

Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан, 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі.

Тәуелсіздік — тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуде. Осыған орай ширек ғасырда жеткен жетістіктерімізді қорытындылап, алға қойған мақсаттарымызды айқындап жатырмыз. Республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталды.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға мол табыс пен зор жетістіктер тіледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер