Қазақстан – әлемдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке елеулі үлес қосқан мемлекет. Осы бағыттағы бастамаларды жария етуге еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы жол ашып отыр. Солардың бірі – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы. Гамбургте осы ұйымға кіретін 57 елдің сыртқы істер министрлері бас қосты. Маңызды жиынға Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған делегация қатысты. Онда сөз сөйлеген министр Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ерекше роліне тоқталып, еліміздің ұйымдағы басты бағыттарын айтып өтті. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының басшысы жиынға қатысушы елдерді 2010 жылғы саммитте қабылданған Астана декларациясының баптарын жүзеге асыруға шақырды. Өйткені дәл осы құжат Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікті біріктіруге тиіс.

ЕРЛАН ЫДЫРЫСОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

ЕҚЫҰ аймақтық және ғаламдық деңгейде іс-әрекетті күшейтуі тиіс.  Сондай-ақ, Қазақстанның Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі болып сайлануы халықаралық қауымдастықтың біздің елдің  бейбітшілікті орнату үшін жұмсаған күш-жігерімізді мойындағанының дәлелі екенін айтып өткім келеді.

Конференция барысында Қазақстан Сыртқы істер министрі жиырмаға жуық кездесу өткізді. Ерлан Ыдырысов басқа ел делегацияларының басшыларымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту және «ЕХРО-2017» көрмесіне шетелдік әріптестердің қатысуын талқылады. Министр Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының басшылығымен де кездесіп, халықаралық саяси мәселелерді сөз етті. Атап өтетін болсақ, алда беделді ұйымға төрағалық Австрия еліне өтеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер