Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қолайлы жағдай жасады. Астанада жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездескен Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкин осылай деді. Оның айтуынша, одақ қызметі Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына тың серпін береді. Осының арқасында жаңа салалар дамып, жұмыс орындары пайда болды.

ДМИТРИЙ ПАНКИН, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Биыл бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Әсіресе, Кедендік кодексті атап өткім келеді. Сондай-ақ, бірыңғай фармацевтикалық нарықтың құрылуын да аса маңызды жетістіктер қатарына қосар едім. Бұл оңай болмаса да, қазіргі таңда артта қалған мәселе. Яғни ұйым нақты нәтижелерге жетуде. 

Еуразиялық экономикалық одақтың жеткен жетістіктерімен қатар, шешімін табуды қажет ететін мәселелер де бар, дейді  Дмитрий Панкин. Ол ортақ электр-энергетикалық нарық, бірыңғай қаржылық реттеуші және мұнай мен газдың ортақ нарығы сынды мәселелерді атап өтті.  Бұл проблемалар елдер өзара келісімге келген кезде шешіледі, дейді Еуразиялық даму банкінің басқармасы  төрағасы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер