109 мыңнан астам қазақстандық жас мемлекеттік тілді үйренді. Қазақшаны меңгергендер - елімізді мекендеген көптеген өзге ұлыстардың өкілдері. Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы осындай жемісін беріп отыр. Екі жылға жалғасқан оқу жұмыстарының нәтижесі елордада  қорытыныланды. Соңғы сында бағдарламаға қатысушылар эссе және бейнебаяндар ұсынды. Сондай-ақ, жазу мәнері мен шешендік шеберліктерін таныта білген үздіктер арнайы марапаттарға ие болды.

КРИСТИНА ХВАН, «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Мен «Мың бала» жобасына алғаш рет қатыстым. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап эссе жаздым. Бұл менің өмірімдегі есте қаларлық ерекше оқиға болды. Көптеген елжанды қатарластарыммен таныстым. Бастысы, қазақ тілінің деңгейін біршама жоғарылатып, жетілдіре түстім. Мұнымен тоқталмаймын деп ойлаймын.  

НАТАЛЬЯ КАЛАШНИКОВА,  «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» БАСҚАРМАСЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ:

Жоба үлкен сұранысқа ие болды. Жыл сайын қазақ тілін меңгеруге ниеттілердің қатары артып келеді. Жалпы 2 жылда  1,5 млн бала  жобаны жүзеге асыруға қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Мың бала» жобасы 2017 жылы жалғасын таппақ. Оған тілін қазақшаға сындыруға ден қойған кез-келген  азамат қатыса алады. Оқу тегін. Тек аймақтардағы «Достық үйлеріне» өтініш білдіру қажет.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер